<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?><song><key>G</key>
<author>Малаев Сәбит, Қызылбөріков Болат</author>
<hymn_number>71</hymn_number>
<title>Мен Сенің алдыңа кеп жылап тұрмын РӘЖ71 Қак43</title>
<lyrics>[V1]
.  Em                       Am
 Мен Сенің алдыңа кеп жылап тұрмын,
.B7              Em
 Кешірім күнәм үшін сұрап тұрмын.
 Білемін мейіріміңнің мол екенін,
 Сенемін, Сен мұңыма құлақ түрдің.

[C1]
.   Em             Am
   Сен ғажайып нұрландың,
.  D          G     B
   Жер әлемге таралдың,
.   Em       Am
   Құтқарушым Өзіңсің ғой,
.     B7         Em
   Саған сеніп оралдым.
   Мен Өзіңнен қуат алдым,
   Мейіріміңмен жұбата алдың.
   Жан дүниеме сая болып,
   Сенімімді ояттың.

[V2]
 Өзіңнен зор қуаныш алып тұрмын,
 Мәңгілік өмір жайлы сыр ұқтырдың.
 Мұңданып жеке қалған сәттерімде,
 Жақсылықтың нышанын сезіп тұрмын.

[V3]
 Білемін, Сен мен үшін жан қиғансың,
 Күнәмнан тазартуды ойлағансың.
 Сен менің өмірдегі күнәм үшін,
 Өзіңді ағашта айқыш қинағансың.

[V4]
 Мені енді Құдай Әке, қабыл алғын,
 Келетін сәтіңді мен сағынамын.
 Жақсы үлгімен сөздеріңді уағыздап,
 Арасынан ұлдарыңның табылармын.</lyrics>
</song>